ИДЕОГРАММА

lat: Ideogram

[анг. ideogram, нем. ideogramm, begriffszeichen, фр. ideogramme, гр. idea ұғым + gramma «жазу»]. Жеке дыбыстарды емес, тұтас бір ұғымды білдіретін жазу белгісі; мысалы: «3» цифры «ү», «ш» дыбыстарын білдіріп тұрған жоқ, белгілі бір сан ұғымын көрсетіп түр. Идеограмма сурет түрінде я иероглиф түрінде, шартты белгілер нұсқасында да бола береді.