қоғамдық ойсана, әлеуметтік идеялар мен көзқарастар жүйесі. Ол саяси праволық, моральдық, діни және философиялық эстетикалық ұғымдарды қамтиды. Идеология негізінен қоғамнық материалдық жағдайына байланысты және ко ғамдағы саяси топтардың мүддесіне сәйкес қалыптасады. Сөйтіп, қоғамның дамуына әсер етеді немесе керісінше де ықпалы тиюі мүмкін. Прогресшіл идеология дәуір тілек талаптарынан туындап, адамгершілікке, бостандыққа, демократияға қызмет етеді. Идеологиянық даму процесінде уақыт өткен сайын, қоғамдық қажеттіліктерге байланысты соны теориялық тұжырымдар туындап отыруы заңды. Бұл ретте идеологияны творчестволықпен дамытып, ұтымды түрде қолдана білуге, оның мазмұнын толықтыруға, әдістерін жетілдіруге айырықша назар аударылады, оның қоғам өміріндегі идеялық-тәрбиелік мәніне көңіл бөлінеді. Идеология қоғам дамуы мен оның тарихи сипатын анықтайды. Жаңаша саяси ойлау нәтижесінде идеология мен әдебиеттің арақатынасын жаңаша, бұрынғыдан әлдеқайда терең түсіну қажеттігі туып отыр. Әдебиетті идеологиямеи, әсіресе күнделікті саясатпен біржақты байланыстыру, яғни, әдебиет идеологияға тәуелді, бағыныңқы болуы тиіс деп қарау дұрыс болмайды. Әдебиет қоғамдық мүддені, халықтың тілек-талаптарын жақтау, бейнелеп көрсету архылы идеологиямен жақындық, жалғастық сипат алады. Сонымен бірге әдебиет көркем өнердің бір саласы ретінде өзінің дербестік сипатын да түгелдей сақтай отырып, өмірді көркемдік әдіс арқылы танып-білудің, әсерлі суреттеудің күшті құралы болуы тиіс. Әдебиеттің халықтық, жалпы адамзаттық ортақ мүдде көздейтін гуманистік қасиетін күшейту, оны заман талабына сай озық мазмұнмен толықтыру парыз. Әдебиеттегі творчестволық ізденістер суреткердің қоғамдық және эстетикалық көзқарастарымен, әдебиеттің ішкі өз даму заңдылықтарымен де тығыз байланысты. Бекниязов Т.