lat: Ideologıa
(ideology) – Карл Маркс үшін билеуші таптың билік жүргізу идеялары.
Уақыт өте келе адамдардың экономикалық өмірінің өзгеруіне қарай, байлық пен билікті әділетсіз бөлуді ақтап алатын идеялар да өзгеріске ұшырады.
Иерархия алдындағы борыштар сезімін мойындаған ежелгі діни идеялар «ақсүйек» деп қабылданған әлеуметтік топтармен бірігіп, қасиетті касталардың билігін заңдастырды.
Кейін азаттық немесе еркіндік идеялары саудагерлер мен өнеркәсіп иелерінің шағын тобына байлықты шектен тыс жинауды заңдастырып берді. Француз философы Луи Альтюссер идеологияны жеке даралық қасиеті деп сипаттады (адам өзін капитализм ережелеріне бағындыратын мектеп, білім сияқты институттар шеңберінде қоғам мен мәдениеттегі рөлдер мен тәртіп ережелерін бойына сіңіруші етіп емес, иллюзияның арқасында барынша еркін адами субъект ретінде сезінеді).