з а т е с і м. 1. Жақ сүйектің астыңғы еріннен төменірек біткен сүйір ұшы. Қара кісінің и е к т е г і кішкене сақалы күн сайын тегістеп қырылып, ықшамдай түсетін еді, бүгін о да қырылмаған (Б.Майлин, Шығ.). Екі шынтағын терезенің алдына салып, и е г і н қолдарының үстіне қойып, Абай отыр (М.Әуезов, Таңд. шығ.). Сөз айта алмай бөгеліп, Дүрсіл қағып жүрегі, Тұрмап па еді сүйеніп, Тамаққа кіріп и е г і? (Абай, Тол. жин.). 2. а н а т о м и я л ы қ. Қызылиек. Жас и е к т і жарып бірінші тісі 6-8 ай арасында шығады (М.Жұмабаев, Шығ.). 3. а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. Кимешектің иек тұсына сай келетін бөлігі. Тұмсық мүйізінің езуге жапсарласқан екі жиегі астыңғы и е к т і ң (кемиектің) тұсына келгенде и е к т і ң екі жағын жаба төмен түсетін кішкене қалқанды емшек мүйіз жасайды (Р.Шойбеков, Қаз. зергер. сөздігі). 4. а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. Өзеннің, дарияның, теңіздің т. б. арнасы, жағасы. Асып толқып жатқанда и е г і н е н, Тұрмын қарап дарияның жиегінен. Туған елдің күшіндей толқын атқан, Дауыл күші дариға сүйемін мен (С.Мәуленов, Таңд. өлеңд.). Алтыншы күн көресің И е к к е судың келгенін, Су и е к т е н өтеді (Құламерген.).