Иесіз

lat: Iesiz

с ы н е с і м. 1. Иесі, қожасы жоқ, ешкім иеленбеген, меншіктенбеген немесе иесінен айырылған. И е с і з қораға тығып кеткен бесатар есінен шықпай, төр алдында түсі бұзылып отырған; кенет қыз даусы көңілін бөлді (Ә. Нұрпейісов, Сергелдең). Тантық шал и е с і з үйге кіріп келді, Белдеуге Бақа айғырды іле тастап (Қозы Көрпеш.). 2. Иенегін, мол жатқан, кең. Жауласып барып алмасты, Кім қызықпас алтынға, И е с і з сайда жүрген соң, Қырандар ұшқан талпына, Қуғыншы жоқ артында, Ие шықпай сатуға, Құрбан болып мен келдім, Елім үшін алдыңа, Үш жүз түйе, үш жүз ат, Ала келдім тартуға (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). Бастарына іс түскен шақты ойлаған, Ағашыңа пенделер ақ байлаған. Құлан жортса құтылмас құла дала. Құлазыған, и е с і з жатты айнала (М.Мақатаев, Шығ.). 3. Бос, қаңыраған. Ал төбет арсылдап үріп, и е с і з даланы басына көтерді (Б.Майлин, Шығ.). О, менің сүттей аққан қос бұлағым, Сендерсіз и е с і з сарай бос тұрамын. Кәріген үндеріңді есіте алмай, Елеңдеп отыр менің қос құлағым (М.Мақатаев, Шығ.). Мәңгіріп иесі з белеңде Ызыңдап ұшқан желменен. Арманыңды әппақ сенің де Сонда бір алғаш жерлеген (C. Жиенбаев, Алтын қалам). 4. Тегін. Иіп жатыр садақты, иіп жатыр, Бұйра басын жас талдың қиып жатыр. Қорамсағы, оғы жоқ, и е с і з қару, Әр балаға бір-бірден тиіп жатыр (М.Мақатаев, Шығ.). 5. Басшысыз, басқарушы, жетекшісіз. Міне, осылар баскесердің өздері, Түк көрмейді қанталаған көздері. Жан бар-ау деп ойламайды бұ маңда, И е с і з жұртты емін-еркін езгелі... (C. Жиенбаев, Алтын қалам.). 6. а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. Қараусыз, күтімсіз, бағыпағусыз. Жұлдызымнан көз алмай бетім бұрмай, Сәл именем и е с і з жетім жырдай. Бақ жұлдызын береді жаратушым, Жұлдыз болып өледі не Тұманбай (Т.Молдағалиев, Шақырады.).