Шапағат, ырыздықты белгілеу үшін философияда қолданылатын жалпы ұғым; адамның белгілі бір қажеттерін қанағаттандыратын, адамдардың мүдделеріне, мақсаттары мен ниеттеріне сәйкес келетін нәрселер мен құбылыстар. Игіліктер табиғи және қоғамдық болып бөлінеді. табиғи игілік-стихиялық табиғи процестердің мыс, топырақтың құнарлығы, пайдалы қазбалар нәтижесі және қоғамдық игілік-адам қызметінің нәтижелері. Алайда екі жағдайдың екеуінде де игілік нәрсенің әлеуметтік анықтамасы, оның адам үшін пайдалы маңызы болып табылады. Материалдық және рухани Игілік қандай қажеттіліктерді қанағаттандыратынына байланысты ажыратылады. Материалдық игілікке азық-түлік, киім-кешек баспана т.с.с және өндіріс құрал-жабдықтары, ал рухани игілкке – білім, рухани мәдениеттің жетістіктері, эстетикалық байлықтар, адамдардың мінез-құлқынн көрінетін адамгершілік қасиеттері т.с.с. жатады.Бұлайша бөлу тек шартты нәрсе өйткені көптеген игі құбылыстардың арасында нақтылы шекара жоқ. Адамның жасампаздық мүмкіндіктері, оның игіліктерді жасау қабілеттері тұрғысынан алсақ, бұның өзі ең жоғары игілік болып табылады. Игілік жалпы адамдық және таптың сипатта болады. Игілік жеке адамның қажеті мен мүддесіне қызмет ете отырып, даралық сипатта алуы мүмкін.Бұл тұрғыда игілік ұғымының абстрактілік (жалпы адамдық және жалпы тарихи және салыстырмалы тарихи шектелген, топтық, жеке-даралық) жақтары бөліп көрсетеді.