з а т е с і м. 1. Жақсылық, жақсы іс. Арман етпе жас күнің көп. И г і л і к көр, ерге бар! Бұл заманның қашқыны деп, Мен ғарыпты есіңе ал (Абай, Тол. жин.). Именіп жүріп көрген и г і л і к т е н, қарсыласып жүріп көрген қорлықартық (Б.Момышұлы, Москва.). – И г і л і к к е істелген жұмыс болған соң, жөндеп істегенге не жетсін, – деді мұғалім (Б.Майлин, Шығ.). И г і л і к жолдан тартынба, Бекерге де шашасың. Өнер-білім тістей ме, Шегініп неге қашасың (М.Дулатов, Шығ.). Бір ауылнай қазақ 100 үй болса, бұл ауылдың алып-саттығы 17 мың 400 сом болады. Ана Бөрте қазағы бастаған и г і л і к ісіне ауыл болып кіріссе, 17 мың 400 үстінде жүрген пайда халыққа қалады. Және игілік қауымы сатып алған нәрсе асылырақ болмақ (М.Дулатов, Шығ.). 2. Шапағатты, қайырымды іс, қайырымдылық. Соңғы жылдарда ноғай арасындағы ойын-тойларда ысыраптарын кемітіп, и г і л і к орындарына ақша жұмсайтын жақсы ғадат шыға бастапты (М.Дулатов, Шығ.). И г і л і к істі бастаушы Ибраһим марқұмды бұл күнде еске алғанымыз секілді, қызметтеріңіздің жемісін татқан кейінгілер сіздерді де сондай ескеруі шүбәсіз (М.Дулатов, Шығ.). 3. Байлық, дәулет, бақыт, ырыс. Бүкіл өмірін ел и г і л і г і – мал шаруашылығына арнаған Танабай Бақасов өмірі арқылы автор адам тағдырының күрделі де күрмеулі сәттерін бейнелеумен бірге сол кезеңдегі партияның жалаңқой, жалған, көзбояушылық әрекеттерге бой ұрып отырғанынан тыс қалған жоқ («Қаз. әдеб.»). 4. Адамның белгілі бір қажеттерін қанағаттандыратын, оның мүддесіне, мақсаты мен ниетіне сәйкес келетін нәрселер; қажетті жағдай. Баршаға бірдей ортақ осынау бір мол мұраны сақтап, жазып алу, күллі халықтың и г і л і г і н е айналдыру – аса қажетті де құрметті борыш (Ә.Шәріпов, Алыс.). Соның салдарынан уақыт оза келе мал баққан кейбір кісілер болмаса, мал сою өнері жалпы көпшіліктің и г і л і г і н е н шет қалды (Қ.Салғарин, Қасапшылық). 5. т е р м и н. Ырыздықты, рухани және мәдени байлықты білдіретін жалпы ұғым. И г і л і к табиғи және қоғамдық болып бөлінеді (ҚҰЭ). Адамның жасампаздық мүмкіндіктерінің өзі ең жоғары и г і л і к болып табылады (ҚҰЭ).