Иіс

lat: Iis

з а т е с і м. 1. Адамның, жан-жануарлардың иіс сезу органдары арқылы қабылдайтын тағам, қорек т. б. заттардың ауа арқылы білінетін ерекше қасиеті. Мұрын и і с білмесе дүниеде болған жақсы иіске ғашық болмақ, жаман иістен қашық болмақтық қолымыздан келмес еді (Абай, Шығ. жин.). Оқымыстылардың айтуына қарағанда, жер бетінде 100 мыңнан астам и і с бар көрінедіалам ғажап.). Заттың и і с і мұрынға, танауға тартылған ауамен бірге әсер етеді (ҚҰЭ). 2. ф и з и о л. Адамның және жануарлардың иіс органдары арқылы сезу процесі. И і с адамның көңіл күйіне, жалпы мінез-құлқына жағымды не жағымсыз әсер етеді (ҚҰЭ). Макросоматикалылар и і с т і күшті сезетін сүтқоректілер, микросоматикалылар иісті нашар сезетіндер және аносоматикалылар иіс сезбейтін сүтқоректілер (мысалы, тісті киттер, дельфиндер т.б.) (ҚҰЭ). 3. Ауа арқылы адамға жағымды сезілген заттың ерекше қасиеті. Көк шыбық и с і ң қандай, денең қандай! Иіскеп өкпе байғұс дем алғандай. Қажыған қайран жүрек қайта соғып, Қарайған қайран көңіл ағарғандай (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ). Жылы, жарық оттың қасында бұрқылдап қайнап жатқан жылқының жас етінің и с і мұрнына келе отырып жайланған Бақтығұл енді қор етіп қалғып кетті (М.Әуезов, Қараш.). Ауаны жұпартып тұрды иісің, Сол и і с таралды суға да. Тағы да сырғанай сүңгисің, Содан соң күлесің қулана (Ж. Жақыпбаев, Ләйлә). 4. Адамға ауа арқылы сезілетін заттың жағымсыз қасиеті. Үмітпенен шығарып сап әр таңды Ақ, Керогаздың и і с і көкке ұшқан күн. Елу жеті қожайынға жаутаңдап, Елу жеті тошалада ысталдым (Ж. Жақыпбаев, Ләйлә).