Иіске

lat: Iiske

е т і с т і к. 1. Мұрын арқылы иіс сезу, иіс алу. Баяғыда Сәкен Сейфуллин зереңдегі қымызды и і с к е п, ұнатса ғана ішуші еді (Т.Әлімқұлов, Кертолғау). Сенсіз менің, Туған жер, қазынам кем, Басқаларды білмеймін, Бас ауырса жусаныңды, И і с к е п-ақ жазылам мен! (Қ.Мырзалиев, Көш). Иттің и і с к е п табуына оңай болу үшін желдің бағытына қарсы жүрген жақсы (Шопан сырласы). 2. а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. Жақсы көрген жақын адамына еміренуді, мейірленуді білдіретін ишарат жасап, бауырына тартып оған мұрнын тақап иісін алуы, аймалауы. Бері келші, қарағым! деп алдырып немересін иіскеді (Ж.Аймауытов, Шығ.). Қошақаным- ай, иісің қандай еді, жұпардай! деп Ұлпан жөргекке оралған нәрестені өз шешесінен бұрын и і с к е д і (Ғ.Мүсірепов, Ұлпан). Алуға оңашада мауқын басып, И і с к е й д і құлынының төсін ашып. Үйіне белгі болып қалатындай Басында керегенің бір дорба асық (О. Шипин, Дастан.).