Иіссу

lat: Iissý

з а т е с і м. 1. Көбінесе ер адамдар жағынатын хош иісті жұпар; «одеколон». Сақал-мұртын қырған, и і с с у жаққан, абақтыға түсті дейтін емес (З.Шашкин, Тоқаш Бокин). Офицерлердің алды кіргенде «Батько» кішкене флаконнан и і с с у жағып тұрды (К.Қазыбаев, Дәуір.). Виктордың өсіп кеткен шашының айналасын бастырып, и і с с у септірдім (Ж.Еділбаев, Тергеуші.). 2. ж е р г і л і к т і с ө з. Әтір. Ең болмаса Маржанға и і с с у әкеліп те бермейсің (Қаз. тілі. аймақ. сөзд.). Маржан Москвадан сатып алған ең тәуір көйлегін киіп, шашына, мойнына и і с с у жақты (Қазақ тілі. аймақ. сөздігі).