з а т е с і м. 1. Бейім, ыңғай, еп. – Сенің сурет салуға и к е м і ң бар болғаны тіпті тамаша! – деді ол, менің бетіме сыр тарта, қадала қара (Ө.Тұрманжанов, Адам.). Раушан сен ол жігітке көмек бергейсің... Ковальчук бір кезде педагог болса да, біреуді тәрбиелеуге и к е м і шамалы (З.Шашкин, Сенім). – Мұғалімдік мамандығың босқа қалатын болды ғой, ал сенің педагогтік и к е м і ң жаман емес еді, – деді меңгеруші әрі- беріден соң (Б.Тоқтаров, Қыран.). 2. п с и х о л о г и я л ы қ. Адам мінез-құлқында туа біткен немесе жүре пайда болған дағды. Еліктеу и к е м і м і з д і ң күші қандай болса, әрқайсымыздың кісілігімізге де сондай басқаларға еліктеу арқасында өзімізді не? кім? деген сана «мен» деген санадан бұрын жүреді, «меннің» өзі-өзгені өнеге қылып, еліктеу сезімімен туып, жетіледі (Ж.Аймауытов, Шығ.).