Икемдік

lat: Ikemdik

з а т е с і м. с ө й л е у. 1. Еп, бейімділік. Мұхтар Әуезовтің ыстық ілтипатын аударған, тырнақалды «Бөлтірік бөрік астында» комедиясымен автор өзінің драматургияға жақсы и к е м д і г і барлығын танытты (Р. Нұрғалиев, Күретамыр). Үздіксіз атып тұрсаң, жауыңа шағын бір бөлімшенің қимылындай қимыл көрсете аласың, бәрі де и к е м д і г і ң е, ұтқырлығыңа, тапқырлығыңа байланысты (К.Көпішев, Тәйімбет Көмекбаев). 2. п с и х о л о г и я л ы қ. Адам психологиясы ерекшеліктерінің негізіндегі оның бірдемеге бейімділігі, өзгеріп, үйлесу қабілеті. Еліктеу ептеп жүріп бәсекеге шабады. Өзгелер не істесе олардан кем қалмаймын, жаман көрінбеймін деп өзіміз де соны істегіміз келіп, түртіп тұратын бір и к е м д і к бар (Ж.Аймауытов, Шығ.). Адамның қабілеті, икемдігі жетілуге, я болмаса жетілмей кешігуге өзінен болмаған сыртқы шарттардың ықпалы бар (Ж.Аймауытов, Шығ.). Әрекетің жан қажеттігінен тумаса тұлғаңнан оған и к е м д і к таба алмайсың (Т.Тілеуханов, Өмір.). Олай болса, оқытушы алдымен баланың сүйегіне біткен и к е м д і к т е р м е н таныс болуы керек, белгілі серпілуге қандай икемі болатындығын, бала кездегі әуесқойлығы, соқыр сезімі қандай болатындығын біліп, баланы жасанды нәрселерге беттеу керек (Ж.Аймауытов, Шығ.).