з а т е с і м. д і н и. Христиан дінінде әулие, Құдай және де басқа сиынатын күштердің бейнесі салынған суретістік И к о н а болмағанымен, соған жақын, түрлі мүсін, қасиетті дүниелерге табыну ламаизм мен будда діндерінде де кеңінен тараған (Әлеуметістік түсіндірме сөздігі). И к о н а ғ а табыну ІІ ғасырда пайда болып, ІV ғасырда гүлденді (Әлеуметістік түсіндірме сөздігі). Төр алдында – алтын сыры көмескі тартып, байырғы сыны қашқан кішкентай и к о н а (С.Омаров, Дала.). Бұрышта өз атасынан қалған, алтындаған рамадағы үлкен и к о н а, оның алдында шырағдан жанып тұр (А. Нұрманов, Құлан.). И к о н д а ғ ы Құдай-ананың қолындағы нәресте оның көзіне Тұрар болып елестей берді (Ш.Мұртазаев, Қызыл жебе.).