[лат. illusio] з а т е с і м. 1. Алдамшы пікір, қате көзқарас, сыртқы дүниенің жаңсақ қабылдануы. Қарапайым өмірде и л л ю з и я ерекше арман түрінде, адамның өзін-өзі өмірде алдау арқылы үміттенуі, өмірін жеңілдетуі түрінде көрініс табады (ҚҰЭ). Оған қоса салыстырмалы жылдамдық апатқа ұшыраған объектілердің қалдығын тез ағызып әкетеді де, олардың ізсіз кетуі туралы и л л ю з и я ғ а жол ашады («Білім және еңбек»). 2. т е р м и н. Әртүрлі ішкі және сыртқы факторлардың әсеріне байланысты шындықтағы нысаналарды қате қабылдау. Қабылдаудың, қиялдың және естің феномендері адамның миында болғанымен, шынайы құбылысқа немесе объектіге сәйкес келе бермейді. Сондай-ақ и л л ю з и я н ы ң әлеуметтік-саяси бағытта да субъект бағасын арттыруға ықпал ететін маңызы бар (Әлеуметістік түсіндірме сөздігі). Тарихта и л л ю з и я терминінің ғылыми айналымға енуін 1874 жылы француз суретшісі К.Моненің «Таңның атуымен әсерлену» атты туындысының көрмеге қойылуымен байланыстырады (Әлеуметістік түсіндірме сөздігі). Көру и л л ю з и я с ы н а контраст, перспектива, қашықтық, т.б. жатады (ҚСЭ).