[лат. immunitas] з а т е с і м. 1. м е д и ц и н а л ы қ. Ағзаның ауру қоздырғыштарына қарсы тұратын, олардың уыттылығына төтеп беретін қасиеті. Мұндай аурумен бір рет ауырған адам антителалардың арқасында екінші рет ауырмайтын қасиетті и м м у н и т е т деп атайды (М.Қайрақбаев, Ескерм. ауру.). Малдың жұқпалы ауруға беріктігін и м м у н и т е т деп атайды(Ғ.Қыдырниязов, Шопан.). Аурударымау үшін адам организміндегі қорғаныш күштер мен и м м у н и т е т мөлшерінің маңызы зор (Т.Қалжеков, Туберкулез.). 2. з а ң. Мемлекетке, халықаралық ұйымдарға немесе мемлекетте ерекше құзыретке ие болған тұлғаларға кейбір заңдардың таралмау жағдайы. И м м у н и т е т – конституциялық құқықта мемлекеттің кейбір санаттағы лауазымды адамдарының ешкім тиіспейтін пұрсаттылығы (ҚҰЭ). 3. к і т а б и. Қоғамның немесе қоғам мүшелерінің сыртқы жағымсыз факторлардың әсеріне қарсы тұру қабілеті. Сыннан өткен дәстүрлерін ұмытып, меридиан бойымен көшіп-қонып үйреншікті шаруашылығына қажетті ұлан-ғайыр өрістері мен табиғи суаттарынан ада болған қазақ ауылы ғасырлап қалыптасқан өзін-өзі асырау, өзін-өзі сақтау и м м у н и т е т т е р і н де біртіндеп жоғалта бастады («Егемен Қазақстан»).