ИММИГРАЦИЯ

lat: Imıgrasıa

( латынша immigro қоныстанамын , ) 1. Өз отанын тастап шыққан адамдардың я топтардың тұрақтап тұру ниетімен басқа бір елге келуі (қар. Көші-қон, Этностық көші-қон, Эмиграция, Эмигрант). 2. Мигранттар келген елге деген қатынасына қарай қарастырылатын халықаралық Көші-қон түрі. Иммиграцияның жұрттың дамуына, санының өсуіне, жастық-жыныстық жəне этностық құрылымына елеулі əсері бар. Жұрттың Иммиграция қарқынына ықпал ететін тікелей факторлары төрт топқа жинақталады. Олар: 1) демографиялық жаңғырудың режимдерінде бір елдердегі жұрттың қартаюына, ал екінші бір елдердегі жұрттың құрамының жасаруына алып келетін айырмашылықтар; 2) өмір деңгейі кереғарлықтарының елеулі болып күшейе беруі; 3) көбінесе əлемнің мешеу өңірлерінде халықтың тығыз орналасуы; 4) еңбекке қабілетті жұрттың жұмыспен қамтылу дəрежесіндегі айырмашылықтар жəне бəрінен бұрын еңбек көші-қонына ұшырататын жұмыссыздық деңгейінің өсуі. Иммиграция дүние жүзінің кей бөліктеріне қоныстандыруда елеулі рөл атқарады, ал кейде жаңа мемлекеттерді жасақтауда, тіпті шешуші рөл атқаратыны да бар (қар. Көші-қон /миграция/).