[лат. imitatio] з а т е с і м. 1. м у з ы к а л ы қ. Көпдауысты шығармаларда негізгі тақырыптың әуелі бір дауыста, кейіннен басқа дауыстарда кезекпен қайталануы. Адам даусына жақын үрлеп ойнайтын ағаш аспаптарды композитор түрлі құбылу, еліктеу, и м и т а ц и я кезеңдерінде жақсы пайдаланады (А.Жұбанов, Мұқан Төлебаев). Әуеннің бір дауыстан екінші дауысқа осылайша берілуін и м и т а ц и я дейді (Хормен жұмыс.). И м и т а ц и я алғашында көпдауысты ән жанрында дамып, кейіннен полифониялық профессионалды шығармаларда кеңінен қолданылып келеді (ҚҰЭ). 2. к і т а б и. Біреудің, бірдеменің аудыртпай, қайталанып салынуы. Ойынға қатысушы әскери құрамаларды басқару үдерісін и м и т а ц и я л а у үшін математикалық модель ретінде есептеу машиналарын қолданады («Қазақcт. мект.».). Бұлбұл үнінің и м и т а ц и я с ы. 3. к і т а б и. Тұпнұсқаның, заттың көшірмесі, қайталамасы. ≈ Мәрмәр и м и т а ц и я с ы. 4. ө н е р. Өнертану мен мәдениеттануда белгілі бір өнердің стиліне, мектебіне, бағытына, шеберлік мәнеріне еліктеу. И м и т а ц и я д а еліктеуші мүлде басқа тәсілмен, көркемдік құралдарымен мақсат еткенін айнытпай келтіріп, қайталауы мүмкін (Әлеуметістік түсінд. сөздігі).