Иммунды денелер

lat: Immýndy deneler

б и о л о г и я л ы қ. Жұқпалы ауру туғызатын бактериялардың өніп-өсуіне бөгет жасайтын немесе оларды өлтіріп тастайтын ағзада түзілген ерекше заттар. Қандай да болса бір жұқпалы аурумен ауырған адамның организмінде и м м у н д ы  д е н е л е р түзіледі. И м м у н д ы  д е н е л е р болуының арқасында адам әдетте екінші рет сүзек, қызылша, шешек, т. б. ауырмайды, егер ауыра қалса да жеңіл көтереді (Адам анатом.).