Импичмент

lat: Impıchment

[ағыл. impeachment] з а т е с і м. с а я с и. Өкілеттілігінен айыру мақсатымен мемлекеттің жоғары лауазымындағы тұлғаларды парламент сотына тарту әрекеті. И м п и ч м е н т бірқатар елдердің конституциялармен қарастырылған мемлекеттегі жоғары лауазымды тұлғаларды жауапқа тартып, олардың конституцияны бұзып, қылмысқа барғандығы жөніндегі ісін парламентте қарау (Саяси түсінд. сөздік). Бұл аса маңызды принциптің қолданылуын құқықтық тетігі тұтастай алғанда көзделген болатын, алайда Президенттің парламентті таратуы, Президенттің и м п и ч м е н т і сияқты тұжырымды ережелердің бірқатары және басқа да бірқатар тежеу мен тепе-теңдік жүйесі тиімді түрде жұмыс істей алмайтын тұжырымдамалық ережелер өз шешімін тапқан жоқ («Егемен Қазақстан»). И м п и ч м е н т жағдайында істерді қозғау мен сотқа беруді парламенттің төменгі палатасы, ал істерді қарастыруды жоғары палатасы жүзеге асырады (Орыс.-қаз. түсін. сөзд. Тарих).