Империя

lat: Imperıa

ат. imperium] з а т е с і м. 1. т а р и х и. Өкімет басында император отырған дара биліктік (монархиялық) мемлекетістік И м п е р и я монархиялық мемлекет; оның басшысы император деп аталадыаяси сөздік). XVIII ғасырдың 80-ші жылдарының аяғы мен 90-шы жылдарының басында Цин и м п е р и я с ы Халхуды бағындырып алдыазССР тарихы). Мені оққа төсеп, Сүйегімнен аттағысы келді, И м п е р и я тәж-тағын сақтағысы келді. О-о-о! Кәрі тарлан! Түлкі дипломатия мақтанышы еді... (М.Мақатаев, Шығ.). Жаңа жыл санауға дейінгі ертедегі гректердің жасаған математикасының мұрагері шығыс Рим и м п е р и я с ы болды. (О.Жәутіков, Жаратылыстану.). 2. с а я с и. Үстемдік құрушы ұлттыңотар елдергеқарағанда ерекше пұрсатты жағдайымен, қатаң деңгейде орталықтандыру және ұлы державалыққа, шовинизмге, экспансионизмге, діни бірегейлікке негізделген идеологиямен ерекшеленетін отарлық иеліктері бар ірі патшалық мемлекет, отаршыл держава. XX ғасырдың бас кезінде Қазақстан Россия и м п е р и я с ы н ы ң отарлық аймағы болдыазССР тарихы). Темір өлгеннен кейін феодалдары өзара тартыстарын және ұрпақтарының өкімет үшін күресі басталып, ақырында ол байтақ и м п е р и я н ы құлаттыазССР тарихы). Астыртын отарлы и м п е р и я жасап, американ империализмі дүниеде ең ірі қанаушы болып алдыысқ. саяси экон.). Сөйтіп, Пиреней түбегінен Үндістан түбегіне, Солтүстік Африкадан Орта Азияға дейінгі жерлерде ұланайтақ и м п е р и я Араб халифаты құрылды (М.Тоқжігітов, Құран тур.). Көп сыр ұқтық көкіректі шер тілгенде Ақыл қосты «Атом» зарын білген де. И м п е р и я құрамында тұтылсақ, Тез құтылдық қолға билік тигенде (К.Салықов, Жезкиік). 3. Белгілі бір өндірістің тұтас саласына немесе әрекеттің бір түріне толық билік жүргізетін ірі монополия.