а) император басқаратын монархиялық мемлекет; ә) отарлаушы елдің билігі жүретін әртүрлі аумақтардағы отарлық бірлестіктер. Мемлекет түрі ретіндегі империяға мыналар тән: монарх билігінің әмірлі мәнде жүргізілуі; метрополияның, орталықтың, үстемдік құрушы ұлттың отар елдерге, провинцияға, «бұратаналарға» қарағанда ерекше пұрсатты жағдайы, осыған орай, оларға өзін-өзі билеу құқы берілмейді; қатаң әрі жоғары деңгейде орталықтандыру; ұлтшылдыққа, шовинизмге, ұлы державалыққа, экспансионизмге, діни бірегейлікке негізделген империялық идеологияның ресми түрде уағыздалуы. Империя ұғымы отаршыл державаларды (Британ империясы, Француз империясы, Ресей империясы) атауда кеңінен қолданылды.