Императив

lat: Imperatıv

[лат. imperativus] з а т е с і м. 1.  л и н г в и с т и к а л ы қ. Бұйрық рай, бұйрық райдың бір түрі. А. Мейе, Ж. Вандриес бойынша и м п е р а т и в үнді европалық бес райдың (индикатив, императив, бұйрық, өтініш), дезидератив (тілек және ниет), конъюнктиввентуалдық және ерік), оптавит (мүмкіндік және тілек) бірі, бұйрықты сөйлем, мысалы, орыс тілінде: Читай! Ешь! қазақ тілінде Отыр! Іш!іл білімі сөздігі). 2. л и н г в и с т и к а л ы қ. Одағайдың ерекше түрі. И м п е р а т и в т і жануарларға (орыс тілінде: кис-кис, цыпып, қазақ тілінде: тәйт! моһ-моһ!) және адамдарға (орыс тілінде: эй! алло! қазақ тілінде: жә! әй! және т.б.) қаратып айтуға боладыіл білімі сөздігі). 3. ф и л о с о ф и я л ы қ. Талап, бұйрық, заң. Кант этикаға барлық адамдар үшін мүлтіксіз, ортақ ресми тәртіп, кесімділіктік и м п е р а т и в түсінігін енгіздірысаз. түсін. сөзд. Тарих). Императивтегі тегеурінді талаптың кесімділігі әрбір мерзімді ортақ рухани заңға айнала алатын және әрбір адамды құрал ретінде емес, мақсат ретінде қарастыратын қағидаға сай әрекет қылуды талап етедірысаз. түсін. сөзд. Тарих).