Императивтік мандат

lat: Imperatıvtik mandat

қ ұ қ ы қ. Аманаттық мандат конституциялық құқықта өкілетті органның депутаты сайлаушылардың аманаттарын арқалап, өзінің өкілеттік мерзімі біткенше олардың алдында жауапты болуға тиіс екені баяндалған ереже. Демократиялық мемлекеттерде и м п е р а т и в т і к м а н д а т ұлттық өкілеттілік принципіне қарама-қайшы келетіндіктен қолданылмайды (ҚҰЭ). Германия парламенті палаталарының бірі бундесратта и м п е р а т и в т і к м а н д а т нышаны бар; сайлаушылардың дауыс беруі арқылы емес, федерация үкіметінің ұсынуымен сайланатын бұл палатаның депутаттары өз үкіметінің нұсқауларын іске асыруға тиіс. Қазақстанда Парламент депутаты қандай да болсын аманаттық мандатқа тәуелді емес (Саяси сөздік).