Император

lat: Imperator

[лат. imperator] з а т е с і м. 1. Ежелгі Римде қолбасшыныңскер басының) құрметті атағы. Цезарьдың өлтірген, жазалаған, тұтқындаған адамдарында қисап жоқ. И м п е р а т о р д ы ң өз жазбалары бойынша, тек Галл соғысында ол бір миллионнан астам адамның жанын жаһаннамға жіберген. Сол қанішер қолбасшы дүние тарихына триумфатор ретінде кірді («Егемен Қазақстан»). Рим монархиясын империя деп, ал оның басқарушыларын и м п е р а т о р л а р деп атады (З.Ақназаров, Ғылыми атеизм.). Пәндені ризық деген қимылдатар, Шашылған дәмі болса, жүріп татар. Әр пенде көресіні көрмей қалмас, Мейлі сұлтан, мейлі болсын и м п е р а т о р! (Ақмолла ақын, Күндер.). 2. Дара биліктік (монархиялық) мемлекет басшыларының мирасқорлық, мұрагерлік атағы, сол атаққа ие адам. 1472 жылы III Иван Византия и м п е р а т о р ы н ы ң ұрпағы Софья Палеологке үйленді («Лен. жас»). Сөйтсе де Қытай и м п е р а т о р ы өкіметінің генералы мен Қашғардың Хакімбегі керуеншілерді шетінен күні-түні тергеуге алып, маза бермей жатты (“Жұлдыз”). 1912 жылы тақтан тайдырылғаннан бері Тянцзин қаласында тұрып келген бұрынғы қытай и м п е р а т о р ыодаханы) Пу Иы отырғызылды (М.Шоқай, Таңд.).