Импликация

lat: Implıkasıaá

(лат.implico тығыз байланыстырамын) егер, онда, шылауына сәйкес қисындамалық байланыстың көмегімен екі пікірден күрделі пікір құрайтын логикалық операция. Импликацияланған пікірдің алдында «егер» сөзі айтылатын пікір-антецедент және «онда» сөзінен кейін қойылатын пікір-консеквент ажыратады. Классикалық математикалық қисындама ақиқаттың функциясы арқылы айқындалатын материалдық Импликация ұғымына сүйенеді. Бұл Импликация антецеденттің ақиқат, ал консеквенттің жалған кезінде, сондай-ақ қалған жағдайлардың бәрінде ақиқат болғанда ғана жалған болып шығады.