[фр. initiative] з а т. 1. Бастама (белгілі бір істі, жұмысты атқаруға байланысты алғашқы бастама, ілкі қадам). И н и ц и а т и в а н ы ң қандайы болсын дер кезінде көрсетілген көмектің жәрдемімен ғана буыны қатайып, бұғанасы бекімек (Б.Ырзабаев, Егінді көл.). Республикамыздың қолөнершілері цементтің орнына жүретін материалдарды өндіру жөніндегі тамаша и н и ц и а т и в а көрсетіп отыр (Қ.Сәтбаев, Қазақстан.). 2. Іскерлік, өз бетінше белсенді әрекет жасау қабілеті. Жеткіншектердің қоғамдық істерге өз и н и ц а т и в а л а р ы м е н қатысуына мектепте, мектептен тыс жерлерде жағдайлар баршалық («Қазақст. мект.»). И н и ц и а т и в а – ынта, ықылас (іс-әрекетке жетелейтін қабілет). Сыртқы түрткілерден және өзіне тәуелсіз де фактормен анықтайтын адамның белсенділігі (Әлеуметістік түсінд. сөздігі). 3. р е с м и. Талқылауға ұсынылған ұсыныс. Бейбіт инициативалармен танылды. Білгіңіз келсе, мұның өзі дәл осы менен шыққан и н и ц и а т и в а (Ж.Еділбаев, Тереңд.).