жоғары дəрежелі нерв қызметінде бұл термин шартты тітіркендіргіш əсерімен туындаған нервтік процеске қарама-қарсы бағытталған нервтік процестің (Мысалы қозу – тежелу) пайда болуын сипаттайды. Индукция оң жəне теріс, қабаттас жəне тіркес болып бөлінеді. Алғашқы жағдайда белгілі бір орталықта пайда болған нервтік процесс басқа учаскеде қарама-қарсы процесс туындатады. Екінші жағдайда қарама-қарсы бағытталған нервтік процестердің алмасуы бір орталықта жүреді.