— жекеден жалпыға қарай жасалатын ой қорытындысы. Гүлдер сусыз өмір сүре алмайды, ағаштар да сусыз өмір сүре алмайды десек, осы айтылғандардан жалпылап, сусыз өсімдіктер тіршілік ете алмайды деген қорытындыны жасаймыз. Білімнің жеке-жеке пайымдаулардан жалпы қағидаларға қарай ауысуы. Индукция дедукциямен тығыз байланысты. Психологияда индукциялық пайымдаулардың дамуы мен бұзылуы зерттеледі.
1. Жекеден жалпыға қарай дамитын логикалық ой тұжырымы.
2. Нейрофизиологияда тітіркену нәтижесінде пайда болған алғашқы қозу ошағының маңындағы аймақтарға тарауы.