Индукциялық пеш

lat: Indýksıalyq pesh

к е н і с і. Металл айнымалы электромагниттік өріске орналастырылатын электрлік балқыту пеші. Негізінен түсті металлургияда қолданылатын арнайы и н д у к ц и я л ы қ п е ш және әдетте, шойын мен болат қорытуға арналған отбақырлық и н д у к ц и я л ы қ п е ш сараланады (Қаз. тілі термин. Кен.). Пештердің сыйымдылығы бірнеше килограмнан жүздеген тоннаға дейін жетеді. И н д у к ц и я л ы қ п е ш т е р д і ң артықшылықтары: өте таза өнім алынады, өте жылдам қыздырылады, температураны реттеп тұру оңай, металдың азаюы кемиді, балқытуды қорғанышты газды ортада не вакуумда жүргізуге болады (Қаз. тілі термин. Кен).