Индуктивтік

lat: Indýktıvtik

с ы н е с і м. 1. Индукцияға (1-мағынасына) қатысты. Ол қолданылған жаңа и н д у к т и в т і к әдіс ағылшын ғылымдарының онан әрі дамуына зор ықпалын тигізді (ҚСЭ). Сондықтан да и н д у к т и в т і к әдіспен жалпылама әдіс шығарып алу мүмкіншілігі жоқтың қасы («Қазақcт. мект».). 2. ф и з и к а л ы қ. Индукцияға (2-мағынасы) байланысты. И н д у к т и в т і к элемент.