[лат. inductio] з а т е с і м. физикалық. Электр тізбегінің магниттік қасиетін сипаттайтын шама. И н д у к т и в т і л і к бірліктердің халықаралық жүйесінде генримен өлшенеді (ҚҰЭ). И н д у к т и в т і л і к токтың инерциялық қасиетін анықтайды (ҚҰЭ). Катушканың и н д у к т и в т і л і г і н арттыру үшін оның ішіне темірден жасалған өзекше енгізіледі (ҚСЭ). И н д у к т и в т і л і к – контурда ағатын электр ток күші және контурды кезіп өтетін толық магнит ағыны арасындағы пропорционалдық коэффициентпен анықталған электр тізбегі магниттік қасиетінің сипаттамасы (Орыс.-қаз. түсін. сөзд. Физика).