Индустрия

lat: Indýstrıaá

[лат. industria] з а т е с і м. 1. Техника жетістіктерімен жабдықталған фабрика, зауыт сияқты өнеркәсіп. Жер шарында и н д у с т р и я өсіп, қалалар көбейіп, көкке оранған табиғат біртеірте кішірейіп келеді (I.Омаров, Шабыт.). И н д у с т р и я өнеркәсіп деген түсінікке сәйкес келеді, материалдық заттық өндірістің басты саласырыс.-қаз. түсін. сөзд. Тарих). 2. э к о н о м и к а л ы қ. Өндіріс құралдары және тұтыну бұйымдарын өндіру дәрежесімен анықталатын халықшаруашылығының өндіргіш күштеріне және қоғамның экономикалық дамуына ықпал ететін аса маңызды саласы. Республика и н д у с т р и я с ы биыл жалпы өнім шығаруды былтырғы қол жеткендегіден 5,8 пайыз арттырды («Соц. Қаз.»). Әр елдің даму қарқыны оның и н д у с т р и я с ы н ы ң даму дәрежесіне байланысты. Сондықтан экономикасы озық елдерді индустриясы дамыған елдер қатарына жатқызады (ҚҰЭ).