Индикациялық геоботаника

lat: Indıkasıaályq geobotanıka

Өсімдіктер жамылғысын белгілі ортаның ерекшеліктерін көрсеткіш (индикатор) ретінде пайдаланатын геоботаниканың саласы. Индикациялық г е о б о т а н и к а д а пайдалы қазбаларды іздеу үшін өсімдіктердің таралу ерекшелігі өзгелерден ерекше көзге түсетін белгілері бойынша ажыратылатын өсімдіктердің аномалдық формалары, маңайындағы ортаның химиялық ерекшеліктеріне байланысты пайда болған жаңа ұсақ түрлері мен уланған өсімдіктердің қасиеттерін пайдаланады (ҚСЭ).