Индивид, индивидуум

lat: Indıvıd, ındıvıdýým

- (лат. individuum-бөлінбейтін, дербес, жеке) - өзгеше әлеуметтік атом, яғни социум болмысының онан әрі принципиалды бөлінбейтін элементі ретінде адамзаттың, қоғамның, халықтың, таптың, әлеуметтік топтың жеке алынған өкілін білдіретін ұғым. «Индивид» белгілі бір өлшемде «индивидуалдылық» деген адамның бірегей ерекшелігін (қасиетін) білдіретін өзіне жұп ұғыммен тоғысады.