[лат. individuum – дарақ] з а т е с і м. 1. Жеке бір бөлінбейтін дара (тірі дарақ), өмірдің элементарлық бірлігі. Эволюциялық мағынада – бір зиготадан, гаметадан, спорадан, өскіннен не бүршіктен өніп шығып, эволюциялық факторлардың әрекетін жеке-дара бастан кешетін тіршілік иесі. Экологиялық мағынада, и н д и в и д у у м – стерилдік ортадағы тірі тіршілік иесі . Колониялық, симбиоздық, сондай- ақ жыныссыз түрде көбейетін организмдерге и н д и в и д у у м н ы ң жалпы биологиялық анықтамасына қатысты мәселенің әзірше шешілмей тұрғаны анық. 2. ә л е у м е т т і к. Жеке тұлға, субъект.