з а т е с і м. 1. ф и л о с о ф и я л ы қ. Жеке адам мүдделерін қоғам мен ұжым мүдделерінен жоғары қоятын идеология мен ахлақтың адамшылық принциптерінің бірі. Эгоизм, и н д и в и д у а л и з м тіпті адамның мәңгі бақи қасиеті емес, олар өндіріс құралдарына жеке меншіктілікке негізделген қоғамның туындысы (Ә.Бәженов, Дүниеге. көз.). Индивидуализм – негізгі өмірдің барлық салаларындағы жүзеге асатын индивидтің бостандығы қағидасын құрайтын дүниетанымдық бағдар (Орыс.қаз. түсін. сөзд. Тарих). Расында да, ескі қоғам мен жаңа қоғамның басымдықтары болып табылатын коллективизм мен и н д и в и д у а л и з м н і ң, қоғамдық пен жекешілдіктің, өткен мен келешектің, тағдырға мойынсынушылық пен әлеуметтік белсенділіктің, миф пен реализмнің, тиімділік пен әділеттіліктің арасында кереғарлық болмай қоймайтыны дәлелдеуді қажет етпейді («Егемен Қазақстан»). 2. п е д.-п с и х о л о г и я л ы қ. Өзін ұжымға қарсы қойып, жеке басының, тұлғасының ерекшеліктерін көрсетуге ұмтылыс; осы ұмтылысты көрсететін мінез-құлық.