и н ф о р м а т и к а. 1. Индексті қалыптастыру, индекстерді тағайындайтын процесс (Қаз. тілі термин. Информатика). 2. и н ф о р м а т и к а. Құжаттар мен сұратулардың мазмұнын ақпараттық-іздестіру тілі терминдерінде сипаттау үдерісі; құжаттарға оның мағыналық мазмұнын қамтитын түйінді сөздер жинағын тағайындау. И н д е к с т е у ақпараттың жеке элементтерін іздеп табуды жеңілдету үшін мәліметтердің алдын ала белгіленген логикалық тізбек бойынша орналасуы (Қаз. тілі термин. Информатика). 3. и н ф о р м а т и к а. Жиым және өрнектер нұсқауларының көмегімен жиым элементіне қатынасу мүмкіндігін жасақтайтын әдіс (Қаз. тілі термин. Информатика). 4. и н ф о р м а т и к а. Индекстік регистрдегі бар нәрсені команданың адрестік бөлігімен қосу арқылы ақиқат адресті автоматты түр- де анықтау (Қаз. тілі термин. Информатика). 5.э к о н о м и к а л ы қ. Өзара шарттар мен міндеттемелер бойынша төлемдердің баға индексімен арақатынасы. И н д е к с т е у – шарттың қолданылуы кезінде инфляциялық үдерістерден қорғайды (Қаз. тілі. термин. Информатика). 6. э к о н о м и к а л ы қ. Халықты инфляциядан қорғау тәсілі ақшалай құжаттың сомасы мен табысты байланыстыру және олардың нақты шамасын өсу қарқыны мен деңгейінің өзгеруіне сәйкес қайта қарау. И н д е кс т е у д е инфляцияның деңгейіне қарай ақшалай табысқа (жалақыға, бағалы қағаздарға, салымдарға, басқа да қорлануларға) түзету жасалып, нақты табысты белгілі бір деңгейде ұстауға кепілдік беріледі (Қаз. тілі термин. Информатика). Тіркелген тұрмыс деңгейін қолдауға жұмсалатын шығынның көбеюі өтемақы шараларын қолдану қажеттігін туғызады, мұның өзі табысты и н д е к с т е у д е көрініс табады (ҚҰЭ).