[лат. in – ішінде, filtrato – сүзу] з а т е с і м. 1. м е д и ц и н а л ы қ. Ағза тіндерінің қабыну өнімдерін, іскен жасушаларын бойына сіңіріп алуы. И н ф и л ь т р а ц и я – қабыну кезінде түрлі жасушалардың тін арасына шектен тыс көп болып шығып, сол тінді кернеуі, мұның салдарынан белгілі бір мүшенің не оның бір бөлігінің далиып үлкеюі (Мал ауру. түс.сөзд.). Физиологиялық и н ф и л ь т р а ц и я кезінде төс асты безінде лимфа түйіндері пайда болады (ҚСЭ). 2. с у ш а р у а ш ы л ы ғ ы. Судың жер бетінен топырақ пен түпнегіз таужыныстарға сіңуі. И н ф и л ь т р а ц и я түскен жауын-шашыннан буланумен және беттік ағындымен кеткен мөлшерін шегергеннен қалатын шамамен өлшенеді (Қаз. тілі термин. Су.). Оңтүстіктің далалық, шөлдік, шөлейттік аймақтарда буланудың төмендеген жағдайларында түскен жауыншашын және еріген қар мен суларының и н ф и л ь т р а ц и я с ы нәтижесінде грунт суларының деңгейі ақпан, наурыз айларында жоғарылайды (К.Сапарбайұлы, Геология.). Жерасты суларының сарқылуының күресу шараларының бірі – олардың қорын жер беті суларын ұстау арқылы толықтыру және бұл сулардың и н ф и л ь т р а ц и я с ы н (сіңуін) күшейту (К.Сапарбайұлы, Геология.).