Инфантилизм

lat: Infantılızm

[лат. infantilis] З а т. 1. ф и з и о л. Көбінесе балаларға тән дене бітімі сақталып, ағза дамуының тоқтап қалуы. И н ф а н т и л и з м н і ң кейбір нысандары генотипке байланысты боладыаз. тілі термин. Педагогика). Кейбір жағдайда и н ф а н т и л и з м жүйке жүйесінің және эндокриндік жүйенің едәуір өзгерістеріне әкелетін ұрықтың зақымдауынан, жатырда даму патологиясынан немесе босану жарақаттарынан боладыаз. тілі термин. Педагогика). И н ф а н т и л и з м г е бала кезде жұқпалы аурумен ауыру, уыттану, авитаминоз да әсер етеді. Балалар мекемесіндегі алдын ала тексеру және емдеу-сауықтыру шаралары кезінде и н ф а н т и л и з м д і анықтау көп жағдайда толық емделуге себепші боладыаз. тілі термин. Педагогика). 2. п с и х о л о г и я л ы қ. Адамның мінез-құлқында және психикасында бөбектік жасқа тән ерекшеліктердің сақталуы. Бастауыш мектеп, жеткіншек алды және жасөспірімдік жасқа тән гармониялық и н ф а н т и л и з м жиі кездеседіаз. тілі термин. Педагогика). 3. в е т. Мал денесінің не оның мүшелері мен мүше жүйелерінің шала, әдеттегіден кеміші) болып қалыптасуы. Туа пайда болған и н ф а н т и л и з м тумысынан (табиғатынан) шала жетілу (Мал ауру. түс.сөздігі). Жүре пайда болған и н ф а н т и л и з м азық олқылығынан болған жетіспеу (Мал ауру. түс.сөзд.).