[лат. infarctus] з а т е с і м. м е д и ц и н а л ы қ. 1. Қабынып немесе бекітіліп қалған қызыл- тамырлардағы қан ағымының тоқтап қалуы салдарынан болған ағзаның өлі тіндерінің ошағы. И н ф а р к т – белгілі бір мүше тканьдерінің іріп жансыздануы (М.Исамбаев, Мед. анықтама.). Ми мен жүрек и н ф а р к т і г е шалдықса, өмірге өте қауіпті, ал жазылған күнде іріген жер тыртықтанып бітеді (ҚСЭ). И н ф а р к т – артерияның ұзақ уақыт тарылуынан, бітеліп қалуынан белгілі бір органның не оның жеке бөлігінің өлі етке айналуы (Мал ауру түс. сөзд.). 2. с ө й л е у. Миокард инфаркті, соның салдарынан пайда болған ауру. – Естідің бе, – деді ол бозарып, өңі қашып, – не болғанын? Папамның жүрегі істен шықты біржола. И н ф а р к т (З.Шашкин, Өмір.). – Мен 1967 жылы и н ф а р к т болып ауырдым. Жүрегім қатты қорқытты (С.Хайдаров, Азамат.). Қызметті отырып істейтін, таза ауада сирек болатын адамдарда инфаркт (жүрек қабының жарылуы) ауруы кездеседі («Лен. жас»).