(infarctus acidouricus) – бүйректің жинаушы өзектері мен түтікшелерінде урат кристалдарының шөгіп қалуы. Бүйректі кесіп қарағанда ол бүйректің қыртысты қабатынан сорғыштарына қарай жатқан сарғыш жолақтар түрінде көрінеді. Ересек кісілерде подаграда, созылмалы іріңді қабынуларда, лейкоздарда пайда болады. Жаңа туылған нәрестелерде бұл уақытша көрінетін құбылыс болып алғашқы екі күнде баланың тірі туғандығының белгісі болып есептеледі.