<лат. anaemia infectiosa> в е т і с т і к. Көбінесе жылқы, есек, қашыр, түйе ауыратын қоздырғышы сүзілгіш вирус, өте жұқпалы ауру. И н ф е к ц и я л ы қ а н е м и я шошқаға да жұғады, аурудың белгісі байқалмаса да, аурудың қоздырғышын таратады (ҚСЭ). И н ф е к ц и я л ы қ а н е м и я м е н ауырған малды емдеудің пайдасы аз, өйткені ол малдың денесінде қоздырғыш үнемі сақталып, ауруды тарата береді (ҚСЭ).