[лат. inflatio] з а т е с і м. э к о н о м и к а л ы қ. Құнсыздану (қағаз ақшаның шамадан тыс көп шығарылуы және т.б. жайттар салдарынан бағасыздануы, құны түсуі, кемуі). Көп елдерде и н ф л я ц и я етек алуда, экономикалық өрлеу мен құлдыраулар кезек бой алуда (Қысқ. саяси экон.). И н ф л я ц и я кезінде шығарылған ақша көлемі өзгермеген жағдайда айналыстағы тауар көлемінің қысқаруы, өнімнің баламалы көлемімен қамтамасыз етілместен ақшаның көп мөлшерде шығарылуы, тауарлар мен көрсетілетін қызметтер бағасының өсуі, нақты жалақының құлдырауы салдарынан қымбатшылық өршиді (Қаржы-эконом. сөзд.). Бұл бір адам айтқысыз ауыр кезең еді. Ақшада құн қалмай, баға деген ай сайын, кей тұста тіпті апта сайын құбылып, и н ф л я ц и я ырыққа көнбей бара жатты («Егемен Қазақстан»). И н ф л я ц и я кезінде өндіріс қарқыны төмендейді, экономикалық өсудің пропорциясы бұзылады, ақша-несие, қаржы және валюта механизмі бүлінеді, елде әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық күшейеді (Б.Жүнісов, ... Нарық. экономикалық. негіз.).