[лат. informatio] з а т е с і м. ақпарат. 1. Бір нәрсе жайында хабар, мағлұмат, ақпар. Бүгін батальондағы комсомолдардың жиналысын өткізіп едік, сол туралы комиссарға и н ф о р м а ц и я жазып отыр едім, – деді Балтабек (М.Ғабдуллин, Сұрапыл.). Міне, 8-бригаданың радисткасы «Нинадан» да өте көлемді де маңызды и н ф о р м а ц и я келді (Арулар.). Үйлестіру-есеп шығару орталығы келіп түскен и н ф о р м а ц и я н ы өңдеумен шұғылдануда («Соц. Қаз.»). 2. а р н. Адамның немесе арнайы құрылғылардың жинақталған, қоршаған орта мен онда өтіп жатқан процестер туралы мәліметтері; кибернетиканың негізгі ұғымдарының бірі. И н ф о р м а ц и я ғ а арналған математикалық өрнек кері таңбамен алынған антропияға арналған өрнекке тең болады (Филос. сөздік).