с ы н е с і м. 1. Ақпараттық (хабарлаушы, хабар таратушы). Левон Исаевичтің: «Делегат болмаса да, тарихи съезді көрсін» деген ұсынысы бойынша, қазақ тілінде и н ф о р м а ц и я л ы қ хабар дайындауға съезд секретариатына Ғ.Мүсірепов екеуміз ендірілгенбіз (Ж.Арыстанов, Естен кетпе.). Қытай басшылары барлық и н ф о р м а ц и я л ы қ құралдарын антисоветтік насихат мақсатына жұмсау ісінде тіпті империалистерден де асып түсті («Соц. Қаз.»). 2. и н ф о р м а т и к а. Ақпараттық (мәліметтер, деректер жиынтығына қатысты). Интуицияның психологиялық механизмі аз зерттелген, алайда қолда бар деректер осының негізінде индивидтер айналамен и н ф о р м а ц и я л ы қ дабылдық зат жайлы өзара интуиция тасымалдаушыға айналады деп есептеуге болады (Филос. сөздік). Жаңа философия әлеуметтік факторлардың қоғамда өтіп жататын информациялықпроцестердің кемелденуіне игі ықпал ететінін атап көрсетеді (Филос. сөздік).