з а т е с і м. ф и з и к а л ы қ. Адам құлағы қабылдамайтын төмен жиіліктегі дыбыс толқындары. Айналадағы ортаны қорғаудың пассив әдістері өнеркәсіп өндірісінің қалдықтарын пайдаға асыру немесе көму арқылы олардың мөлшерін шектеу жөніндегі шаралар комплексін қамтиды. Оларға мыналар жатады: сарқынды суларды қоспалардан тазарту; шығарылатын газдарды зиянды қоспалардан арылту; атмосферадағы зиянды қалдықтарын сейілту; шудың таралуына тосқауыл қою; и н ф р а д ы б ы с т ы ң, ультрадыбыстың және дірілдің таралу мүмкіндігін кеміту шараларын жүргізу; айналадағы ортаны энергетикалық ластау көздерін экрандау; улы және радиоактивті қалдықтарды жерге көму (Т.Қалыбеков, Экология.).