зат. қоғ-экон. <лат. infra–төмен, астында, structura–құрылым> Қоғамның немесе қандайда бір қоғамның сала әрекетін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін өнеркәсіптер, мекемелер, басқару мен байланыс жүйелерінің жиынтығы. И н ф р а қ ұ р ы л ы м – өндіріске қызмет көрсететін және қоғамның тіршілік әрекетіне жағдай жасайтын халық шаруашылығы салаларының кешені (Қаз. тілі термин. Экономика). И н ф р а қ ұ р ы л ы м әртүрлі субъектілермен, мемлекеттік контрактілік жүйенің қатысуымен банк несиесін, сонымен бірге құрылтайшылардың қаржыларын да тарта отырып құрылады (Б.Жүнісов.., Нарық. эконом. негіз.). Өңірдің анклавтық сипатын ескергенде, көлік и н ф р а қ ұ р ы л ы м ы н дамытудың, мүше елдердің теңіз порттары мен әлемдік рыноктарын, соның ішінде Ақтау портын пайдалана отырып шығуын қамтамасыз етудің айрықша маңызы бар («Егемен Қазақстан»). Географиялық фактор жер бедеріне, климат зонасына, жердің құнарлылығына, ауданның и н ф р а қ ұ р ы л ы м ы н а байланысты (Т.Қалыбеков, Экология.).