Инфрақызыл сәуле

lat: Infraqyzyl sáýle

ф и з и к а л ы қ. Көрінетін жарықтың қызыл бөлігі мен қысқа толқынды радио сәуленің арасындағы спектр аймағында орналасқан элекромагниттік сәуле шығару. И н ф р а қ ы з ы л және ультракүлгін с ә у л е л е р көру сезімін оятпайды, көзге көрінбейді (П.Полатбеков, Оптика). И н ф р а қ ы з ы л с ә у л е н і ң адам көре алмайтын бөлімі жылу энергиясының негізгі қоры болып саналадыалпы биология). И н ф р а қ ы з ы л с ә у л е н і ң спектрі шартты түрде жақын аймаққа бөлінеді (ҚСЭ). И н ф р а қ ы з ы л с ә у л е н і ғылыми-зерттеу жұмыстарында соғыс ісінде көптеген тәжірибелік мәселелерді шешуде кеңінен қолданылады (ҚСЭ).