Иніш

lat: Inish

з а т е с і м. Көйлек, жейденің жауырынға тиетін жерінің ішінен тігілген астар. И н і ш і жыртылған көйлектер тері шалбар мен бөз көйлектің қасында ханның киіміндей (X.Есенжанов, Тар кезең). Қарамаған жері жоқ. Чемоданның бұрыш-бұрышын, көйлек-көншектерінің и н і ш і н е шейін түк қоймай ақтарып шықты (Р.Тоқтаров, Тұлпар.). Айталық: шажамай, сыздық, бұзаушық, жұрын, и н і ш, құндыздық осылардан не біледі екен? («Қаз. әдеб.»).