Инженерлік

lat: Injenerlik

с ы н е с і м. 1. Инженерге тән, соған қатысты. Сол Дарқаносы күндетірі ме? дедім мен. Тірі. Не қылады? Оқиды. И н же н е р л і к оқуын оқиды (I.Жансүгіров, Шығ.). Бұл бюрода Омар әзірге техник қана, инженерлік диплом да қолына тиген жоқ (Т. Нұртазин, Мұрат). Міне, институт та артта қалды. И н ж е н е р л і к диплом алып, Пірәлі өзінің Таласына келді (К.Баялиев, Жер.). 2. Техникалық, инженерлердің қызметімен байланысты. Тек геологиялық білімдерге сүйену негізінде әртүрлі и н ж е н е р л і к ғимараттарды (үйлерді, көпірлерді, жолдарды, плотиналарды, тоннельдерді, қорғаныс тораптарын) барынша берік етіп, қаржыны, еңбекті, уақытты барынша аз жұмсай отырып тұрғызуға болады (К.Сапарбайұлы, Геология.).